«Негізгі және туынды зат есім » » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Негізгі және туынды зат есім »
23
January
2025

«Негізгі және туынды зат есім »

№33 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 21-қаңтар күні аудандық «Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» әдістемелік жобасы аясында, бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес А.Калиева 3-сынып білім алушыларымен қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды зат есім » тақырыбында ашық оқу іс-әрекетін өткізді. 
 Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Сабақтың өтілу барысында сынып ішінде психологиялық ахуалды орнатып, houseтапсырмасын «Шертпек» ойыны арқылы сұрады. Тапсырмаларды «Ашық микрофон » әдісі және бірлескен жұмыс, жұптық жұмыс , қысқа жауапты қажет ететін жұмыстар арқылы орындатқызып, «Ою» әдісімен бағалап отырды.  Сондай -ақ ЖИ (жасанды интеллект) арқылы оқушыларға жаңа сабақтың тың ақпараттарын жеткізді. Сабақ соңында «Білім қоржыны» әдісі арқылы білім алушылар кері байланыс беріп,  сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Бастауыш сынып мұғалімі: А.Б.Калиева
@Liazatabenova