«Ұстаз-ұлы есім!» тақырыбында мерекелік іс-шара » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Ұстаз-ұлы есім!» тақырыбында мерекелік іс-шара
03
October
2025

«Ұстаз-ұлы есім!» тақырыбында мерекелік іс-шара

№33 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұстаз-ұлы есім!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Іс-шараның барысында мектеп директоры Е.Далиев мұғалімдерді мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады. Ардагер ұстаз А.Калиева қонаққа келіп, ұстаз жолы - ұлы жол екендігін айтып,. өткен жолдарына көз жіберіп, еске ала отырып, мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Ұстаздарға ойын ойнатылып, оқушылар даярлаған сергіту видеоматериалдар көрсетілді. Мерекелік көңіл күймен әсем ән тыңдап, көмкерілген биді тамашалады.