Қазыналы қарттарымыз аман болсын!
Қазыналы қарттарымыз аман болсын! 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай №33 ЖОББМ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес "Жан жылуын сыйлаймыз!" акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп тәлімгері Г.Жексенбекова және "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері атсалысып, Қазақ Дихан ауылындағы еңбек ардагері Тулебаев Орынтай атаны мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстап, құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында оқушылар ізгі тілектерін білдіріп, атадан бата алды.