Қазыналы қарттарымыз аман болсын! » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Қазыналы қарттарымыз аман болсын!
01
October
2025

Қазыналы қарттарымыз аман болсын!

Қазыналы қарттарымыз аман болсын!

1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай №33 ЖОББМ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы жоспарына сәйкес "Жан жылуын сыйлаймыз!" акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп тәлімгері Г.Жексенбекова және "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері атсалысып, Қазақ Дихан ауылындағы еңбек ардагері Тулебаев Орынтай атаны мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстап, құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында оқушылар ізгі тілектерін білдіріп, атадан бата алды.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.
«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!