Питаниедың сапалық мониторингі » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
05
октябрь
2022

Питаниедың сапалық мониторингі

Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Пластмасс ыдыстар және сынған, жарығы бар ыдыстар жоқ. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орындар жабдықталған. Асхана жұмыскерлерінің қолдары таза, таза арнайы киім мен аяқ киім киген. Тамақ ішетін залда мәзір ілінген, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетілген. Мәзірде көрсетілген тағамдар беріліп жатқан тағамдарға сәйкес келеді. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған. Тоңазытқыштағы температурада +2°С көрсетті. Ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырған. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа салған. Асхана қызметкерлерінің денсаулығы туралы жазбалар журналдарға тіркелген. Жалпы ыстық тамақты ұйымдастыру деңгейі талапқа сай.