“Меркі өңірінен шыққан ірі тұлғаларды тану”
Ағымдағы жылдың 3-қыркүйек күні №33 ЖОББМ-де орыс тілі мен әдебиеті пәнінен домжұмысына “Меркі өңірінен шыққан ірі тұлғаларды тану” тақырыбында шығармашылық жұмыс берілген. Тапсырмаға сәйкес, 9 сынып оқушысы Орынтай Інжу Меркі өңірінің тумасы, көрнекті тұлға — Асанбай Асқаров туралы бейнеролик жасады. Мақсаты:туған өлкенің бірегей тұлғаларының өмірі мен қызметімен танысу, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту. Пән мұғалімі: Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самұратова А.