"Қыз бала тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Қыз бала тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы
09
сентябрь
2025

"Қыз бала тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні №33 ЖОББМ-де 5-6-7-8-9-10-11 сынып қыз балалармен "Қыз бала тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.

Мақсаты: Қыз балалардың әдептілік, инабаттылық, имандылық құндылықтарын дәріптеу, қоғамдағы қыздың рөлін айқындау, олардың өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал ету.

Жиналыс барысында қыз бала тәрбиесінің маңызы кеңінен талқыланды. Қыз баланың отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы орны туралы пікірлер айтылып, әдеп пен сыпайылыққа тәрбиелеудің жолдары қарастырылды. Инабатты, тәрбиелі қыздың болашағы отбасы мен ұлттың абыройы екендігі баса айтылды.
Сонымен қатар, қыздардың бойында мәдениеттілік, жауапкершілік, өзін-өзі дұрыс ұстау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін қалыптастырудың қажеттілігі атап өтілді.
Жиналыс соңында қыз балаларға ата-баба дәстүрін қастерлеу, қазақ қызына тән нәзіктік пен әдептілікті сақтау, білім алуға құштар болу туралы өсиет-кеңестер берілді.

Ұйымдастырушы: Дтжо: Абылай Ғ.
Педагог-психолог Утеходжаева Б.Н.