20
ноябрь
2024
"Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған күзгі"
№33 жалпы орта білім беретін мектебінде "Оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған күзгі" айлық барысында мектебіміздің тәлімгері Есмаханбетова Бағжан "Түсіністікке үйренеміз, мен сені түсінуге тырысамын" тақырыбында ата-аналарға семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты: білім алушылардың психологиялық жай күйін түсіну. Семинар-тренинг барысында түрлі химиялық қоспалар арқылы тәжірибие жұмыстары, сұрақ-жауап алаңы және ата-аналардан сауалнама алынды. Сонымен қатар, әр түрлі жаттығулар кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналар белсене ат салысып қатысты.
