"Алғыс айту - парызым!" » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Алғыс айту - парызым!"
28
февраль
2024

"Алғыс айту - парызым!"

N33 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 сынып оқушыларымен 26 ақпан күні К.Мырзабаева "Алғыс айту - парызым!"тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;
б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойғанын және де Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткенін балаларға түсіндіріп айтты. 
Барлығы:Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін.. алғыстарын білдірді.
Сынып жетекшісі:К.Мырзабаева