22
январь
2024
"Мәнерлеп оқу " үйірмесі
Ағымдағы жылдың 22 - ші қаңтар күні "Мәнерлеп оқу " үйірмесінің жетекшісі А.Қалиева "Дауыс ырғағы. Қияр мен қырыққабат" тақырыбында сабақ өткізді. Мақсаты: оқушыларға дауыс ырғағы туралы түсінік беру, адамның дауыс ырғағы арқылы басқа адамның көңіл-күйін, сезімін анықтау; ертегідегі кейіпкердің дауыс ырғағынан ажырату; сюжетті әңгімедегі белгілі бір кейіпкердің дауыс ырғағын келтіру. Үйірменің өту барысында оқушылар дауыс ырғағы (интонация) туралы ақпарат алып, ертегіні рөлге бөліп оқып, дауыс ырғағы арқылы кейіпкерлерді ажыратты. Екі топқа бөлініп "Қияр" және " Қырыққабат" сөздеріне сөз сөзжұмбақ құрастырды.
