28
сентябрь
2022
Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай танымдық сағаты
Бүгін 28 қыркүйек ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Әлемге әйгілі жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу; ұлы суреткердің алғашқы шығармаларынан көрінетін азаматтық рух, еліне, халықына деген махаббатының мән-мағынасын ашу.
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жолы 1917 жылы екі ғашықтың трагедиялық тағдырын жыр еткен «Еңлік-Кебек» атты пьесаны жазудан басталды.
Ол «Кінәмшіл бойжеткен», «Жетім», «Кім кінәлі?», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек» атты әңгіме-повестері, «Қилы заман» романы, «Тас қауырсыны», «Алма бағында» сынды қазақ феодалдық қоғамының өткір мәселелерін ашатын пьесаларының, қазақ және қырғыз әдебиеті мен фольклорының тарихы бойынша монографиялық зерттеулердің авторы.
Жазушының бүкіл шығармашылық жолының шарықтау шегі болып табылатын «Абай жолы» атты төрт томдық романы оның әлемдік деңгейде танылуына зор септігін тигізді. Бұл шығарма әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, «Әлем әдебиеті кітапханасына» енді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Гулдана Досымқызы.