02
март
2022
"SMART GUYS " тақырыбында интеллектуалды сайыс
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығының аясында #33 жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Ф.Б.Серік 6,7,8-ші сынып оқушыларымен "SMART GUYS " тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді. Алдымызда тұрған құбылмалы заманда жастарымыз еңбекқор болмаса, ешқандай бәсекеге түсе алмайтынын терең түсінуіміз керек,осы орайда бұл интеллектуалды сайыстың басты мақсаты; дарынды жастарды қолдауға үлес қосу болды. Сайысқа аталған сыныптардан 6 оқушыдан қатысты. 1-ші "Best of the best" тобы, 2-ші "Smart" тобы, 3-ші "Science Queen " тобы. Ойын 7 турдан құралды. Оқушылардың білімін бағандайтын сарапшылар да болды. Сонымен қатар жеңіске жеткен "Best of the best " мақтау қағаздарымен марапатталды.. Бұл сайыста оқушылар көптеген жаңа қызықты деректермен таныс болды. Ойын жоғары деңгейде өтті.

