Ата – аналар жиналысы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ата – аналар жиналысы
22
апрель
2022

Ата – аналар жиналысы

№33 жалпы орта білім беретін мектепте кезектен тыс ата – аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 1 – 11 сыныптарынан 25 ата – аналар комитеті төрайымдары қатысты.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата – аналар.
Күн тәртібінде:
1. Баяндама: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 45-бабында білім беру ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің тізбесі.
«Білім туралы» Заңының 45-бабында білім беру ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің тізбесі нақты көрсетілген. Ал заңды түрде бекітілген осы тізбеден бөлек ақшалай қаражат жинау әкімшілік немесе қылмыстық жазаға тартылатын сыбайлас жемқорлық болып есептелетіні туралы ескертті. Заң бұзушылық фактілерінің орын алуы мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың, құқықтық сауатсыздығына байланысты екенін ескертті. Сондықтан мектепте құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің қатыстыра отырып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен білім беру саласындағы заңнамаларын жүйелі түрде оқыту жұмыстарын жандандыру қажет екендігін ескертті. Сонымен қатар оқу жылының басынан бастап мектепте мерекелерде, бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде өткізуге, сол мақсатта мектепке, мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға үзілді-кесілді сыйым салынатындығы туралы ерекше ескертілді. Мектеп –ата- ана- қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында ата- аналармен кездесу ұйымдастырып түсіндірме жұмыстарын жүргізді