03
октябрь
2025
«Ұстаз-ұлы есім!» тақырыбында мерекелік іс-шара

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту.
Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Іс-шараның барысында мектеп директоры Е.Далиев мұғалімдерді мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады. Ардагер ұстаз А.Калиева қонаққа келіп, ұстаз жолы - ұлы жол екендігін айтып,. өткен жолдарына көз жіберіп, еске ала отырып, мектеп ұжымын мерекемен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Ұстаздарға ойын ойнатылып, оқушылар даярлаған сергіту видеоматериалдар көрсетілді. Мерекелік көңіл күймен әсем ән тыңдап, көмкерілген биді тамашалады.