
Дұрыс тамақтану, уақытылы дәрумендерге бай ас ішу көп аурудың алдын алатыны сөзсіз. Ал дұрыс тамақтану қағидалары біздің бойымызға жастайымыздан сіңіріледі. №33 ЖОББМ - де “Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында онкүндік іс-шараның жоспарына сәйкес А.С.Жүнісқұлова “Денсаулық және дұрыс тамақтау” бойынша 5- сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.