Қоғамдық -гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің кезекті ІІІ отырысы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Қоғамдық -гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің кезекті ІІІ отырысы
12
январь
2023

Қоғамдық -гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің кезекті ІІІ отырысы

Ағымдағы жылдың 12 қаңтар күні қоғамдық -гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің кезекті ІІІ отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
✅«Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі »
✅І-ІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасына талдау (салыстырмалы мониторинг)
✅ Аудандық олимпиада қорытындысын жасау
✅Әр түрлі мәселелер

🔸1 мәселе бойынша педагог -зерттеуші орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Суимбаева баяндама оқыды.
Білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру – білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат беретінін айтып өтті.
🔸2 мәселе бойынша пән мұғалімдері 2 тоқсан бойынша білім сапасын айтып, ӘБ жетекшісі Г.Жексенбекова 1 тоқсан бойынша білім сапасымен салыстырып мониторинг жасады. Талдау нәтижесінде 2 тоқсан бойынша білім сапасында өсу реті бар екендігі айқындалды.
🔸 3 мәселе аудандық олимпиада бойынша биылғы оқу жылында 5-6 сыныптар арасында оқушылар жақсы нәтиже көрсеткендігі айтылды. ӘБ жетекші Гүлдана Досымқызы олимпиадаға дайындаған жетекші мұғалімдерге тағы да одан әрі талмай жұмыс жасап, оқушылардың білімдерін шыңдай түсуге тілек білдіріп, алғысын білдірді.