04
декабрь
2021
Оқу жаттығу
16.11.2021 жылы №33ЖОББМ жоспарға сәйкес төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу және оын алған жағдайда шұғыл әрекет ету, тез және қорқынышсыз өз міндеттерін орындау мақсатында практикалық және теориялық оқу жаттығуы өткізілді. Оқу жаттығуында дабыл қағылып мектеп оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуация жоспарына сәйкес қауіпсіз алаңға шығару сынды сейсмо жаттығу өткізілді. АӘжТД пәні мұғалім-ұйымдастырушысы М.Ташметов ТЖ кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелері мен азаматтық газ тұмылдырықты қолданылуы туралы ақпарат беріп, газтұмылдырықты кию тәртібін практикалық түрде көрсетті. ДШЖО Е.Момынкулов өрт сөндіргіш құралын пайдалану ережесімен таныстырды. Мектеп мед.бикесі Г.Райсова төтенше жағдай кезінде, түрлі жарақат алған зардап шеккен азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері туралы практика түрінде көрсетті. Оқу жаттығуы санитарлық талаптарға сай өткізілді.


