25
ноябрь
2022
"Бақыт құсы" ертегісі Ы.Алтынсарин”
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес, бүгін 3-сынып оқушыларымен Әдебиеттік оқу пәнінен "Бақыт құсы" ертегісі Ы.Алтынсарин” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: қолдануға (практикалық) бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ барысында домтапсырмасын "Миға шабуыл" әдісімен сұрақтар қою арқылы еске түсіріп,кейіпкерге хат жазды. Жаңа сабақты "ДЖИГСО" әдісі арқылы оқушылар ертегінің мазмұнын өздері айтып шығып, тақырыбын болжады. Ертегі мазмұнына құрылған тапсырмаларды "Сұрақ-жауап","Фрайер" моделі сияқты тиімді әдістер арқылы орындап, ертегінің мазмұнын жан-жақты талдады және сұрақтар құрастыра білді. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.
Сынып жетекшісі: А. Калиева