14
ноябрь
2022
Holidays and Travel "Travellers tales"
14.11.2022 күні, №33 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Серік Фариза Бектасқызы 7-сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен Holidays and Travel "Travellers tales" тақырыбында қызықты сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты: топта шығармашылық және ынтымақтастықта мәселелерді шешу үшін сөйлеу және тыңдау дағдыларын қолдану; оқу бағдарламаларының кең ауқымы бойынша қолдау көрсетілмейтін кеңейтілген баяндамалардағы негізгі ойларды түсіну; басқалардың пікірлерін бағалау және сындарлы жауап беру. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өздері білетін жан-жақты мәліметтермен бөлісті. Сабақ еркін түрде өтті. Оқушылардың да сабаққа деген қызығушылықтары артып, өте белсене атсалысып отырды.
