Аудандық V "Абайтану" олимпиадасы » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Аудандық V "Абайтану" олимпиадасы
09
January
2023

Аудандық V "Абайтану" олимпиадасы

🔸ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ 9 - 11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні №33 ЖОББМ-де қазақ тілі мен әдебиетінен аудандық V «Абайтану» олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты: М.Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысына үңілуге, Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту .

📚 Олимпиада екі айналымнан тұрды. Бір оқушы екі айналымға да қатысты.

Қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазды.
М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан алынған сөйлемге кешенді талдау жасау арқылы грамматикалық сауаттылығы анықталды.
Олимпиадаға қатысқан оқушымыз Орынтай Гүлназ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: А.С.Жүнісқұлова