"Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі
13
April
2022

"Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі

2021-2022 оқу жылының 13-сәуір күні Меркі ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес №33 ЖОББМ-де "Әбіш оқулары" байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: мектеп  оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқау 4 бағыт бойынша өткізіліп,  аудан мектептерінен барлығы 85 оқушы қатысты. Нәтижесінде мәнерлеп оқу бағыты бойынша мектебіміздің 8- сынып оқушысы  Жақсылық Оразгүл ІІІ дәрежелі, сурет салу бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Ораз Асылхан ІІ дәрежелі, 10-сынып оқушысы Қияс Жанель арнайы дипломмен, сахналық қойылым бағыты бойынша №33 ЖОББМ-нің оқушылар тобы яғни 9-сынып оқушылары ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды шын жүректен құттықтап, алар асуларың көп болсын дейміз!