7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай тәрбие сағаты
5 мамыр күні 2 сынып білім алушыларымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларға Отан қорғаушылар күні туралы түсінік беру, патриоттық сезімдерін ояту, әскери мамандықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Өткізілу барысы: Тәрбие сағаты барысында оқушылар Отан туралы өлеңдер оқыды, патриоттық әндер шырқалды, әскери мамандықтармен таныстырылды. Балалар Отанды сүю, қорғау – әр азаматтың борышы екенін түсінді. Белсенді қатысып, тақырыпқа сай суреттер салды.