«Судың да сұрауы бар» тақырыбында сынып сағаты
18 сәуір 2025 жылы 4-сынып оқушыларымен «Судың да сұрауы бар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🖊️Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға судың тіршілік үшін маңызын ұғындыру, су ресурстарын үнемдеп пайдалануға баулу, табиғатты аялауға тәрбиелеу болды. Іс-шара барысында оқушылар су туралы мағлұматтармен танысып, бейнероликтер көріп, топтық тапсырмалар орындады. Әңгімелеу, талдау және шығармашылық жұмыс түрлері арқылы экологиялық сана қалыптастыруға көңіл бөлінді. Сынып сағаты жоғары деңгейде