09
November
2021
Ата-аналармен жиналыс
2021 жылдың қараша айының 9-шы жұлдызында 2-сынып жетекшісі Калиева А. ата-аналар жиналысын өткізді.Күн тәртібінде І тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналарға ақпарат берілді. І тоқсанды 5 ұл бала, 6 қыз бала барлығы 11 оқушымен аяқтады. Коллиграфиясы төмен, оқу шапшаңдығы төмен оқушылардың ата-аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды. Екінші мәселе оқушылардың үлгерімі туралы айтты. Best- 3оқушы, екпінді- 5 оқушы, қалған 3 оқушы қанағаттанарлық деп атап өтті. Parents оқулықтарды таза ұстау, қаптап, күнделік.кз -ке уақытылы кірулерін тапсырды. Жиналыстың соңынан "Балам менің қуанышым" тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: баланы жәбірлеу мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және алдын алатын мүмкіндікке әкелетін ата-ананың тәртібінің алгоритімін дайындау. Дөңгелек үстелдің барысында ата-аналардан "Менің балам" сауалнамасы алынып, жәбірлеу туралы нақты ақпарат беріліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салды.
