Ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру
№ 33 жалпы білім беретін мектебінде оқушыларды ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру
АКТІСІ
Осы акті 02.12.2021 жылы жасалынды.
Актінің мәні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар, желтоқсан айының 2-і күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз.
Тегін ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру барысында комиссия мүшелері асхананың санитарлық нормаларға сәйкестігін тексерді.
Тексеру барысында сол күнгі дайындалып жатқан тағамның мәзірі асхана бұрышында ілінбегендігі, медбике тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізгендігі, аспазшы ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырғандығы анықталды. Сынамаларды қақпағы бар таза шыны ыдысқа алып, +3°С температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтаған
Білім алушыларға ас мәзіріне сәйкес барлық тағамдар берілді және берілген тағамдардың грамы мәзірде көрсетілген нормаға сәйкес.
Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды.
Осыны растап қол қоюшы комиссия мүшелері:
Ниязбекова З. - мектеп директоры
Темирбекова А. – ДОТІЖО
Серік Ф. – кәсіподақ төрайымы
Раисова Г. – медбике
Акимов Қ. – ата-аналар комитетінің төрағасы