Ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру
24
November
2021

Ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру

№ 33 жалпы білім беретін мектебінде оқушыларды  ыстық тамақпен қамту жағдайын тексеру 


АКТІСІ 


            Осы акті 24.11.2021 жылы жасалынды.


            Актінің мәні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексеру жөнінде. Біз актіге қол қоюшылар, қараша айының 24-і күні мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылу жағдайын тексерілгендігін растаймыз. 

            № 33 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне бақылау жүргізді. 

Мектепте   перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Бракераждық журналдар дұрыс жүргізілуде. Аспазшылардың денсаулығын тексеріп, шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына   бақылау жүргізілген.

Ыдыстармен қамтылуы және ыдысжуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Ыдыстар жеткілікті, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Асхана барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнаған су бар. Шағымдар мен ұсыныс кітабы бар. Қол жуатын арнайы орын жабдықталған. Жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы қанағаттанарлық, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтары жарамды және ауа температурасы +4С көрсетіп тұр, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері өтпеген. 

Асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі, барлық санитарлық талапқа сай. 

Жалпы тексеру қорытындысына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайы   қанағаттанарлық екендігі анықталды.


Осыны растап қол қоюшы комиссия мүшелері:

Ниязбекова З. - мектеп директоры

Темирбекова А. – ДОТІЖО

Серік Ф. – кәсіподақ төрайымы

Раисова Г. – медбике

Акимов Қ. – ата-аналар комитетінің төрағасы