16
April
2025
Қарақыстақбай Батырхан еркін күрес

Жас спортшыны мектебіміздің директоры Е.А. Далиев бастаған мектеп ұжымы мен оқушылары ыстық ықыласпен қарсы алып, жеңісімен шын жүректен құттықтады. Шара барысында оқушылар Батырханға қызықты сұрақтарын қойып, еркін тілдесіп, болашақ чемпионға сәттілік тіледі. Батырхан өз жетістігінің сырын, спорт жолындағы еңбегі мен армандарын бөлісіп, оқушыларға мотивациялық әсер қалдырды.
Бұл кездесу оқушылар үшін ерекше рух беретін, патриоттық және спорттық тәрбиеге бағытталған маңызды шара болды.