22
October
2024
🔰Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы тарихи қадам.

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні 3 сынып оқушыларымен «Республикам - мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.
Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз.
Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.
"Енді бұл мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтетін боламыз. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам".
Сынып жетекшісі: А.Б.Калиева