«Дүниежүзілік Денсаулық күніне » » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Дүниежүзілік Денсаулық күніне »
07
September
2022

«Дүниежүзілік Денсаулық күніне »

2022 жылдың 7 қыркүйек күні №33 ЖОББМ-де «Дүниежүзілік  Денсаулық күніне »  орай спорттық іс - шаралардың жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітілді. 
"Денсаулық күні" сағат 11:00-де мектеп ұстаздары мен оқушылары спорт алаңына сапқа тұрғызылып, ДТІЖО Н.Азат спорттық  іс - шараларға қатысушыларды құттықтап, салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дене шынықтырумен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды. Әрбір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен төмендегідей іс - шаралар өткізілді: "Асық ату", "Тоғыз құмалақ", "Қол күрес", "Арқан тартыс", "Футбол", "Волейбол", 60 метрге уақытқа жүгіру. Іс -шара соңында жеңімпаздар марапатталды.