04
March
2022
"Әке балаға сыншы" тақырыбында психологиялық тәрбие сағаты
№33 жалпы орта білім беретін мектебінің психологы А.Омарбекова мен 1-сынып жетекшісі К.Мырзабаеваның ұйымдастырумен "Әке балаға сыншы" тақырыбында психологиялық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту , ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру,әке мен бала махаббатын ояту болды. Әкелер өте белсенділікпен қатыса отырып,сауалдарға еркін жауап беріп,пікір алмасып отырды. Белсенділік танытқан әкелерге мектеп әкімшілігі атынан мақтау қағазы табысталып,алғыс білдірілді.

