05
May
2025
“Бұрыштарды өлшеу” тақырыбында сабақ

🔖Сабақтың мақсаты: транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеу,бұрыштың градустық өлшемін белгілеуді үйренді;
Сабақ барысында оқушыларға бұрыш түрлері туралы қысқаша теориялық мәлімет беріліп, практикалық жұмыс арқылы транспортирді қолдану жолдары түсіндірілді. Топтық және жеке тапсырмалар орындалып, оқушылар бұрыштарды өз бетімен өлшеп, нәтижесін дәптерге түсірді. Сабақта визуалды құралдар мен белсенді оқыту әдістері қолданылды.
Сабақ мақсаты толық орындалды. Оқушылар тақырыпты түсініп, практикалық дағдыларын көрсете алды.