“Ізденейік, үйренейік жас маман” онкүндігі » "№33 жалпы орта білім беретін мектебі" Қазақ-Дихан ауылы
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№33 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » “Ізденейік, үйренейік жас маман” онкүндігі
14
апрель
2025

“Ізденейік, үйренейік жас маман” онкүндігі

14 сәуір күні аудандық “Ізденейік, үйренейік жас маман” онкүндігінің жоспарына сәйкес орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Самұратова А.Б. 2 сынып білім алушыларымен “Красная книга” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнында кім немесе не туралы айтылып жатқандығын анықтауға үйрету; мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру және оларға жауап беру; өлеңдерді мәнерлеп оқу; жи-ши, ча-ща тіркестерді қолдана білу.
📚Үй тапсырмасын “Мен – саған, сен - маған” әдісі бойынша сұрақ қойыла отырып,жауап берді. Оқушылар өз деңгейінде сабаққа белсене қатысып, қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Мәнерлеп оқу,көркем жазу, тақтамен жұмыс толық қамтылды. Дәптермен жұмыс кезінде оқушылар өз каллиграфия ережелерін сақтай отыра, мәтінді көшіріп жазып, олардың мағынасына тоқталып өтті. Фламинго құсын түсіндіру үшін MSPowerPoint программасымен аудио тыңдатты. Сабақты бекітуде әр оқушы жеке іс-парағындағы сабақта өткен жан-жануарлардың аттарын жазды. Обратная связь “Қазақ үй” әдісі бойынша жасалды. Ашық сабаққа ДОТІЖО: Үсенбаева Г.Б және педагог-модераторлар,жас мамандар қатысты.